Джордж Флойд өлімі: полицей 40 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Джордж Флойд өлімі: полицей 40 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

04.06.2020
Джордж Флойд өлімі: полицей 40 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Миннеаполистегі Джордж Флойдтың өліміне қатысты Миннесота штатының прокуратурасы сот ісін екінші дәрежелі кісі өлтіру дерегі бойынша өзгертті. Сонымен қатар ел бойынша жаппай митингке әкеліп соққан оқиға барысында қызметте болған өзге де үш полицей қамауға алынды. Оларға қызмет барысында кісі өліміне жол беру немесе көмектесу деген айыптар тағылуда.

АҚШ-та екінші дәрежедегі кісі өліміне қатысты айып бойынша оқиғаны қасқана жасалған әрекет деп санамаса да, адам өміріне әдейі зиян келтіру немесе немқұрайлық салдарынан адам өлтіру фактісі деп есептейді. Бұл айыптау бойынша бұрынғы полиция қызметкері Дерек Шовинге 40 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.


Прокуратура келтірген мәліметтерге сәйкес, қалған полиция қызметкерлеріне де ұзақ мерзімде абақтыға жабу және үлкен айыппұл жазасы күтіп тұр. Оларды сотқа дейін тұтқыннан босатудың кепілдік сомасы 1 миллион АҚШ долларын құрайды.


Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын полцей қолынан қаза тапқан афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімі АҚШ-тың бірнеше қаласында жаппай толқулар мен тәртіпсіздікке әкелген болатын. Шеру әлі күніге дейін жалғасуда. Азаматтар көше бойындағы сауда орталықтары мен үйлерді, көліктерді өртеуде. АҚШ президенті Дональд Трамп тәртіпсіздікті әскери күштің көмегімен басуға дайын екенін жеткізді.

ВВС


Хабарламаларға жазылу