Қаламқас кен орнында вирус жұқтырғандар саны 10-ға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаламқас кен орнында вирус жұқтырғандар саны 10-ға жетті

03.06.2020
0:00:00
0:00:00

Қаламқас кен орнында қауіпті індетті жұқтырған мұнайшылар саны 10-ға жетті. Дертке шалдыққандар мұнайшылар мен сервистік компаниялардың қызметкерлері. Барлығы да Ақтау қаласындағы провизорлық стационарға жатқызылды. Кен орнында азық-түлік және дәрі-дәрмек қоры жасақталып, аумаққа кіріп-шығу шектелді.

Ал Жамбыл облысында 13 адамнан инфекция табылды. Олардың екеуі жүкті әйел. Қазір науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Ал облыс бойынша ауру жұқтырғандардың саны 398 адамға жетті.

Сәдит ӘЛДЕБАЙ


Хабарламаларға жазылу