Ақтоғайда дауыл соғып, 30-дан астам ғимараттың шатырын ұшырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтоғайда дауыл соғып, 30-дан астам ғимараттың шатырын ұшырды

03.06.2020

Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауылында дауыл соғып, 30-дан астам ғимараттың шатырын ұшырып әкетті.

Қазір табиғи апаттан келген шығын есептелуде. Мәдениет үйі, автостанция, аудандық аурухана, мектеп сынды ғимараттар және бірқатар дүкендер мен мейрамхана шатырсыз қалды. Құйындата соққан күшті желден соң бұршақ аралас жаңбыр жауған. Оның үстіне электр желілері зақымданып, 3 мыңнан астам абонемент жарықсыз қалған. Ұялы байланыс та үзілген. Тұрғындар зардап шеккен жоқ Қазір әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу