Сингапур Қазақстанға қаржы құюға ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сингапур Қазақстанға қаржы құюға ниетті

10.12.2018

Сингапурдың ең ірі компаниясының бірі «Мейнхард» Шымкент  пен Алматы қаласында жеңіл рельсті көлік желісін салуға ниетті. Қазіргі таңда әкімдіктермен келіссөздер жүріп жатыр. Бұл туралы Қазақстанның Сингапур еліндегі елшісі Үсен Сүлеймен айтты. 

Дипломаттың айтуынша, қазіргі таңда «азия жолбарысына» айналған мемлекеттің кәсіпкерлері Қазақстан экономикасына ақша құюға зор ықылас танытып отыр. Мәселен, қараша айындағы Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың іссапары барысында тараптар 2,2 млрд. АҚШ долларына келісімшарттар жасасқан. Енді Сингапурдың қаржы ұйымдары Орталық Азия нарығына біздің мемлекет арқылы кіруді көздейді.

Үсен Сүлеймен, Қазақстанның Сингапур Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі:

Негізінен олардың банктері бізге келмекші. Өздерінің мамандарын жібермек ниеттері бар.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

 

Хабарламаларға жазылу