Мақтааралда зардап шеккен әлеуметтік нысандар қайта салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мақтааралда зардап шеккен әлеуметтік нысандар қайта салынады

02.06.2020

Тасқыннан зақым келген Мақтааралдағы әлеуметтік нысандар жаңадан салынады. Атап айтсақ, Фирдауси және Өргебас елдімекендері мен Мырзакент кентінде бір-бір фельдшерлік-акушерлік пункт, 1200 орындық мектеп, полиция бекеті және 280 орындық бала-бақша бой көтереді. Бүгінде 425 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Оның 235-сі мемлекеттік бюджет есебінен, қалғандары қайырымдылық қорларының қаржысына салынады. 32 мердігер мекеме, барлығы 1200-дей адам құрылыс-монтаж жұмыстарына кірісіп те кетті. Бүгіннің өзінде 360 үйдің іргетасы құйылды. 30 үйдің қабырғасы қаланды. Облыс әкімі жаңадан бой көтеретін ықшам ауданда халыққа қажетті басқа да нысандарды салуды тапсырды.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу