Биыл ҰБТ-ға бірқатар жаңашылдықтар енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл ҰБТ-ға бірқатар жаңашылдықтар енгізілді

02.06.2020

Тестілеу уақыты былтырғымен салыстырғанда 10 минутқа ұзарып отыр. Ұлттық бірыңғай тестілеудегі жаңашылдықтар мен оның қалай өтетінін бүгін Білім министрі Үкімет отырысында баяндады. Асхат Аймағамбетов тестілеу кезінде технологиялық ноу-хауларды да пайдаланамыз деді. Межелі балл да өспек.

Форматы өзгермегенімен жаңалығы көп. Биыл түлектер алғаш рет тест тапсыратын ғимаратқа Face ID, яғни бет әлпетті танитын құрылғы арқылы кіргізіледі. Ал тестілеу уақыты 3 сағат 50 минуттан, 4 сағатқа ұзартылды. Сондай-ақ педогогикалық мамандыққа түсу үшін, межелі балл 60-тан 70-балға өсіп отыр. Яғни бұған дейін бір аудиторияда 150 оқушыға дейін отырса, енді 75 адамға дейін азаяды.

Ал ұл-қыздары автобусқа отырып, тестілеуге кеткенде ата-аналар үйде қалуы керек. Оларға тестілеуді онлайн көруге мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ министр оқушыларды өзіне ғана сенуге шақырып отыр. Өйткені тестілеуге қатысты тәртіптің күшейгені белгілі. Яғни тексеру кезінде смартфон немесе шпаргалка анықталса, бірден хаттама толтырылып, түлектер тестілеуге кіргізілмейді.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу