Карантиндік шектеулерге қарамастан, мектеп түлектерінің 20 жылдық кездесу кеші өткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантиндік шектеулерге қарамастан, мектеп түлектерінің 20 жылдық кездесу кеші өткен

02.06.2020

Карантиндік шектеулерге қарамастан, мектеп түлектерінің 20 жылдық кездесу кешіне барған шымкенттік полицей қызметінен шеттетілді. Тәртіп сақшысы осы оқиғаның ертеңіне денсаулығына байланысты демалысқа шығып кеткен. Сондықтан Полиция департаментіндегі тәртіптік кеңес отырысы өтпеді. Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысы Жетісай қаласында жасырын өткен кездесудің бейнекөріністері әлеуметтік желіде кеңінен тарап кетті. Кешке бас -аяғы 15 адам қатысқан. Оның ішінде Түркістан облысындағы құзырлы орган өкілдері мен Шымкент қаласы Еңбекші аудандық полиция басқармасының лауазымды қызметкері де болған.

 Ғани ҚАЛМАХАН


Хабарламаларға жазылу