Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен әлеуметтік нысандар жаңадан салынады

02.06.2020

Тасқыннан зақым келген Мақтааралдағы әлеуметтік нысандар жаңадан салынады. Атап айтсақ, Фирдауси және Өргебас елді мекендері мен Мырзакент кентінде бір-бір фельдшерлік-акушерлік пункт, 1200 орындық мектеп, полиция бекеті және 280 орындық балабақша бой көтереді. Бүгінде 425 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Оның 235-сі мемлекеттік бюджет есебінен, қалғандары қайырымдылық қорларының қаржысына салынады. 

Гүлжазира Ғалиқызы

Хабарламаларға жазылу