Қуғын-сүргін құрбандарына арналған онлайн конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қуғын-сүргін құрбандарына арналған онлайн конференция өтті

29.05.2020

Тарихтың ақтаңдақ беттері ұмытылмайды. «Қазақстан: тарихи тағылым саясаты» халықаралық онлайн конференциясына қатысушылар осылай деді. Қазан төңкерісі, азамат соғысы мен ашаршылық салдарынан миллиондаған қазақ отанын тастап бас сауғалап кетті. «Халық жауы» атанып, қуғын-сүргінге ұшырағандар жазықсыз атылды. Карлаг, Алжир, Степлаг лагерлерінде қаншама адам азапты өмір кешті. Мұның барлығын ұмыту мүмкін емес. Бірақ қаралы жылдар туралы ақпарат әлі де аз. Онлайн конференцияға әлемнің түкпір-түкпірінен қосылып, ой бөліскен ғалымдар мен тарихшылар ұлт қайраткерлерінің есімін ұлықтап, тарихты қайта түгендеудің маңыздылығына тоқталды.

Ақерке БЕРІКБЕК


Хабарламаларға жазылу