Талғар өзенінен алынған сынаманың нәтижелері шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талғар өзенінен алынған сынаманың нәтижелері шықты

29.05.2020

Талғар өзенінен алынған сынаманың алғашқы нәтижелері шықты. «Қазгидромет» мамандары өзен суының аса қауіпті еместігін анықтаған. Дегенмен, су - ауыл шаруашылығында және суармалы жайылымдар үшін ғана жарамды. Ауыз су ретінде қолдану үшін терең тазартудан өткізу қажет, -дейді мамандар. Зертхана қызметкерлері өзен маңындағы 3 нүктеден жоспардан тыс сынама алған. Су сапасы 44 физикалық-химиялық көрсеткіш бойынша тексеріліп жатыр. Алғашқы қорытындылар бойынша өзен суынан ауыр металдар табылмаған. Ал ең маңызды көрсеткіш - оттегіні биохимиялық тұтынуға талдау нәтижесі 1 маусымда дайын болады.

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу