Алматыда демалыс күндері кейбір көшелер жабылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда демалыс күндері кейбір көшелер жабылады

29.05.2020

Алматыда демалыс күндері кейбір көшелер жабылады. Бұл туралы қала әкімі ескертті. Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желідегі парақшасында мегаполистегі автокөлік қозғалысын шектеу туралы шешім қабылданатынын жазды. Жабылған көшелерде тек жаяу жүргіншілер серуендейді. Шаһар басшысының айтуынша, бұл мәселе сарапшылармен жан-жақты талқыланған. Алайда, нақты қандай көшелерге шектеу қойылатыны әзірге белгісіз. Бақытжан Сағынтаев оның кейін жарияланатынын айтып, қала тұрғындарын дайын болуға шақырды. Айта кетейік, алып шаһарда мұндай тәжірибе алғаш рет қолданылмақ.

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу