Елімізде 11 сала бойынша 230 үздік маман бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 11 сала бойынша 230 үздік маман бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды

29.05.2020

Елімізде 230 үздік маман бәсекеге қабілеттілігін арттыру шараларына тартылды. Бұл жөнінде Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен «Ел үміті» бағдарламасын талқылауға қатысты отырыста белгілі болды. Жоба барысында іріктелген қатысушылардың жартысынан астамының халықаралық білімі бар. Үштен бірі халықаралық компанияларда тәжірибе жинақтаған жастар. Олар білім беру, геологиялық барлау, сауда және логистика, өнеркәсіп сынды салаларда бірқатар мәселені шешуі тиіс.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу