Алматыда карантин талаптарын сақтамаған нысандар қайта жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда карантин талаптарын сақтамаған нысандар қайта жабылды

28.05.2020

Ережені ескермесе, есігі қайта жабылады. Алматыда сақтық шараларына салғырт қараған дәмхана, мейрамханалар ашылмай жатып жұмысын тоқтатуға мәжбүр. 2 айдан соң келушілерді қабылдай бастаған тамақтану орындары жіті тексерілуде. Себебі көпшілік ас-ауқат ішетін мейрамханаларда санитарлық талаптар сақталмай жатқанын айтады мобильді топ мамандары.  

Мобильді топ тек бір Медеу ауданында кешеден бері 40-тан астам қоғамдық тамақтану орнын аралап, 8-ін жапқан. Ал қалғандарына әзірше ескерту берілген. Әкімдіктегілер жауапқа тартылғандардың әрекеті өзгелерге сабақ болса екен дейді.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу