Алматы 100 миллиард теңгедей қаржыдан қағылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы 100 миллиард теңгедей қаржыдан қағылды

28.05.2020

Карантин кесірінен Алматы 100 миллиард теңгедей қаржыдан қағылды. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев осылай деп мәлімдеді.

Әсіресе сауда-саттық күрт төмендеген. Сонымен қатар, шағын бизнес иелері уақытша салықтан босатылды. Сәйкесінше, жергілікті қазына түсімі де азайды. Сондықтан әкімшілік жаңа жұмыс орындарын ашып, жағдайды қалыпқа келтіру шараларын қолға алып жатыр.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу