Ұлттық экономика министрлігі 208 миллиард теңге көлеміндегі бюджет қаржысын орынсыз жұмсаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық экономика министрлігі 208 миллиард теңге көлеміндегі бюджет қаржысын орынсыз жұмсаған

23.11.2018

Ал, орта және шағын кәсіпкерлікті қолдауға бөлінген қаражат елдегі экономикалық жағдайды өзгерте алмай отыр. Бұл туралы Есеп комитетінің тексерісі барысында белгілі болды. Комитет өкілдерінің сөзінше, «Самұрық-Қазына» жобаларын іске асыру барысында сатып алынған құрылғылар мүлдем қолданылмаған. Бұдан өзге, Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалының құрылысына құйылған ондаған миллион теңге дұрыс пайдаланылмаған. Ақшаны мақсатсыз жұмсаудың нәтижесінде жобаның құны 33 миллиард теңгеге қымбаттаған.

Константин Плотников, ҚР Есеп комитетінің мүшесі:

«Нұрлы жол» вокзалын салуға бөлінген қаржының 22 миллион теңгесі қысқы зал құрылысына берілген еді. Алайда, бүгінде вокзалда ешқандай қысқы зал жоқ. Яғни, оған жолаушылар кіріп, отырмайды. Бөлме бос тұр. Ақшаны дұрыс пайдаланбаудың тағы бір көрсеткіші - осы.  Аудит нәтижесінде Есеп комитеті 963 миллион теңгенің мақсатсыз жұмсалғанын анықтады. Бүгінде оның 333 миллионы қайтарылды.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу