Солтүстік Қазақстан облысында карантин талаптары күшейтілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында карантин талаптары күшейтілуі мүмкін

27.05.2020

Солтүстік Қазақстан облысында дертке шалдыққандар саны көбейсе карантин шаралары күшейтілуі мүмкін. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов онлайн брифингте санитарлық талаптарды қадағалау мақсатында тексерістер жиі жүргізілуі тиіс екенін айтты. Аймақтағы ірі өндіріс ошақтары карантин кезінде жұмысын тоқтатқан жоқ.

Ал Алматы облысындағы Алакөлде және Қапшағай су қоймасында шомылу маусымы 13-ші маусымнан ашылады. Үшаралға үш қаладан ұшақ қатынайтын болады. Нұр-Сұлтан мен Алматыдан аптасына алты рет, ал Талдықорғаннан күніне 5 рейс ұшады. Бұл туралы өңір басшысы Амандық Баталов баспасөз мәслихатында айтты. Сондай-ақ облыс бюджетінен Алматыдан Алакөлге темір жол қатынасына субсидия бөлінеді.

Ақмола облысының Целиноград ауданында эпидахуал мәз емес. Сондықтан аудан әлі де карантинде. Егер санитарлық талаптар тиісті деңгейде сақталмаса, облыс бойынша карантиндік шаралар қайта күшеюі ықтимал деді халыққа онлайн есеп берген өңір басшысы Ермек Маржықпаев. Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны - 147. Олардың 106-сы аурудан айықты.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу