Алматыда блок бекетте көз жұмған полицейлердің отбасына пәтер беріледі

27.05.2020
0:00:00
0:00:00

Алматыда блок бекеттегі апаттан көз жұмған полицейлердің отбасына қаладан пәтер берілетін болды. Шахар әкімі марқұмдардың бала шағасына қаржылай да қолдау көрсетілетініне уәде берді. Қос полицейді қағып өлтіріп, үшіншісін жаралаған BMW жүргізушісі екі айға қамауға алынды. Қайғылы оқиғадан соң Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденовке қатаң сөгіс жарияланды. Сондай-ақ қызметін үйлестіре алмағаны үшін үш шенді жұмыстан шеттетіліп, тағы бірнеше қызметкер жазаға тартылды.

 Ал Сovid-19 вирусын жұқтырушылар саны бойынша алдыңғы орында келе жатқан Алматы бірінші кезекте карантинге жабылуы мүмкін. Егер тұрғындар сақтық шараларын ұстанбай, қаладағы эпидемиологиялық ахуал ушықса, осындай қатаң шараға қайта көшуге тура келетінін айтты Бақытжан Сағынтаев. Әкімнің сөзінше, қазір қалада Covid-19 вирусының 150 індет ошағы бар. Коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелген кезде 613 ошақ болса, 464-інен шектеу шаралары алынған.

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу