Қазақстанның экономикалық өсу қарқынын баяулатпау үшін өнімділікті арттыру керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның экономикалық өсу қарқынын баяулатпау үшін өнімділікті арттыру керек

08.11.2018

Бұл туралы Дүниежүзілік банктің өкілдері айтып отыр. Әлемдік экономистердің айтуынша, 2000 жылдары энергоресурс бағасының өсуі, ішкі сұраныстың жылдам жоғарылауы және инвестиция ағынының артуы арқасында Қазақстанның экономикалық өсуі қарқынды дамыған. Сол кездері елде кедейлік деңгейі айтарлықтай қысқарған. Бірақ, 2008 жылғы жаһандық дағдарыстың салдарынан Қазақстан экономикасының өсуі баяулап, 2000-2007 жылдардағы 10 пайыздан, 2008-2017 жылдары бірден 4 пайызға түсіп кеткен. Қазіргі болжамдарға қарағанда, аз шығын жұмсап, көп өнім алынбаған жағдайда елімізде жан басына шаққандағы табыс деңгейі төмендейді. Ал, Қазақстанның 2050 жылы әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін жалпы ішкі өнімнің 60 пайызынан асатын инвестиция керек. 

Хулио Ревилла, Дүниежүзілік банктің Орта Азиядағы аймақтық кеңсесінің жетекші экономисі:

- Соңғы жылдары Қазақстанда өнімділіктің өсуі біршама азайды. Оның салдары халық табысының өсуіне және олардың әл-ауқатына кері әсерін тигізіп жатыр. Сол себепті, қазір жекеменшік секторды нығайтуға арналған ауқымды реформалар керек. Бұл өз кезегінде бәсекелестікті арттыруға, жалпы, экономиканың өсуіне ықпал етеді.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу