Қапал-Арасан шипажайы мемлекеттің қолдауына мұқтаж - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қапал-Арасан шипажайы мемлекеттің қолдауына мұқтаж

26.05.2020

Бір кездері атағы жер жарған Қапал-Арасан шипажайының қазіргі жағдайы мүшкіл. Жүздеген адамды қабылдап, мыңдаған адамды сауықтырған мекеме мемлекет қолдауына мұқтаж. Ал емдік санаториді сақтап қалап деген кәсіпкердің еңбегі еш кеткелі тұр. Себебі мемлекеттік бағдарламаларда туризмді дамытуға бағытталған тетіктер жоқтың қасы.

Дертке дауа шипалы су құр босқа далаға ағып жатыр. Бір кездері адам үзілмеген шипажай қаңырап бос қалған. Ғасырдан астам тарихы бар, еліміздегі ең алғашқы санаторлық-курорттық нысанның қазіргі сиқы осы.

Биыл шетел асып тынығам дегендерге шекара жабық. Туристер легі елде еселенуі тиіс. Ал отандық шипажайдың шатқаяқтаған жағдайы жергілікті билікке үлкен сын, дейді ауыл тұрғындары.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу