Мемлекет басшысы тұрғындарды карантин талаптарын сақтауға шақырды

26.05.2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындарды карантин талаптарын сақтауға шақырды. Ол twitter-дегі жеке парақшасында «Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады. Үкімет, облыс және қала әкімдері жағдайды реттеуі керек. Көпшілік орындарда, қоғамдық көліктерде бетперде тағу міндетті. Азаматтардың денсаулығын сақтау үшін нақты шешімдер қабылдау қажет», - деп жазды.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу