Алматыда жиһаз цехы өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жиһаз цехы өртенді

26.05.2020

Алматыда жиһаз өңдейтін цехта өрт шығып, жарылыс болды. Сол маңда тұрған жүк көлігі де отқа оранған.  

Төтенше жағдайлар департаментіне таңғы сағат 5:00 шамасында Әуезов ауданы аумағындағы ғимараттан қою түтін шығып жатқаны туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетті. Мың шаршы метрге жуық аумақты шарпыған жалын дер кезінде ауыздықтады. 

Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. 

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу