Коронавирусқа қарсы екі препаратты сынау тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирусқа қарсы екі препаратты сынау тоқтатылды

26.05.2020

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы екі бірдей препаратқа сынақ жасауды тоқтатты. Безгекке қарсы Гидроксихлорохин және Хлорохин дәрілері COVID-19 инфекциясымен күресте қолданылған еді. Олардың тиімділігін анықтайтын тәжірибеге 35 елден 400-ден астам аурухана қатысқан. Осы елдердің арасында Қазақстан да бар. Алайда француз ғалымдары бұл дәрілік заттар науқастардың өмірі үшін қауіпті деп бағалады.

Жансая Қапасқызы


Хабарламаларға жазылу