АҚШ-та тұратын қазақ баласы туған ағасын Қазақстаннан тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та тұратын қазақ баласы туған ағасын Қазақстаннан тапты

24.05.2020

Америка Құрама Штаттарында тұратын қазақ баласы туған ағасын іздеп тапты. Марат есімді баланы Шығыс Қазақстан облысындағы балалар үйінен осыдан 18 жыл бұрын америкалық отбасы асырап алған. Ал оның ағасы Рүстем сол өңірдің Күршім ауданында тұратын қазақ отбасына патронаттық тәрбиеге берілген. Екі ағайынды бір-бірін Қадір түнінде тауыпты.

Рүстем мен Мараттың (қазір Теодордың) туған анасы мен әкесі туралы айтудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Анасы қазір бұл дүниеде емес...

Рустемді патронаттық тәрбиеге алған отбасына келсек, отанасы Майра апай балықшы. Көп жылдар бойы Күршім ауданындағы уылдырықтан шабақ өсіретін шаруашылықта жұмыс істеген. Отағасы Төлеубек Калимовтың мамандығы электрик, құрылыста еңбек етеді.

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу