Пандемия сабақтары қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пандемия сабақтары қандай?

24.05.2020

Коронавирус карантині – қандай пайымға жетелейді? Карантин сабақтары қандай?

Карантин цифрлық сауаттылықты арттырудың маңызды екенін көрсетті. Цифрландыру бағдарламасының «плакат ұраны» сияқты болып шыққаны өз алдына әңгіме. Интернет жетпеген елді мекендер бар. Ондай ауылдардағы балалардың конституциялық құқы бұзылды деуге болады. Қалалық балалармен бірдей білім ала алмады.

Ата-аналар сабақ оқытудың қиын екенін және білім алуға инемен құдық қазғандай деген сипаттаманың дәл келетінін, тіпті уақыт өте күрделеніп бара жатқанын түсінді. Қашықтан жұмыс істеуге болатынын дәлелденді. Тиісінше, балалармен көбірек уақыт өткізіп, отбасылық құндылықтарды барынша ұғу мүмкіндігін берді.

Сондай-ақ, автокөліксіз экологияның, ауаның қалай жақсаратынына көз жетті. Мамандардың айтуынша, Алматының өзінде карантин басталғалы ауадағы ластану деңгейі 60 процентке дейін азайған. Экология қауымдастығы үлкен қалаларға жаңа урбанизм жобасы қажет деп санайды. Велосипед жолақтарын ұзартып, жаяу жүргіншілерге жағдай жасау.

Ақерке БЕКТАС


Хабарламаларға жазылу