Шетелде баспана мәселесі толыққанды шешілген бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелде баспана мәселесі толыққанды шешілген бе?

23.05.2020

Сырты жылтырап, көпшіліктің көп арманының бірі болған мынадай үйлерді көргенде жұтынып қоятынымыз рас. Серуендесеңде осындай баспаналардың жанынан өтуге жанымыз құмартып тұрады. «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» десе де, зәулім үйлерді көргенде арманның өзін торға тастап, екі көзіңді тас қылып жұмып алғың келеді. Қол жетпестей көрінеді өйткені. Осындайда «анау шетелде бар ғой, бәрі керемет. Өй ол жақта бас-басына үй береді, жалақылары миллиондап саналады» екен деген дәлелінен дақпырты көп ақпараттар айтылады. Айлығы шайлығынан артылмай жүрген ағайын амалсыз сенеді оған. Үй туралы мәселе айтқанда да бір мысалымыз шетелден болады. Бозбала шақта көп еститін «жұрттың баласы» деген тіркесті үй мәселесіне қаратып айтсақ, Еуропа мен Американың халқы қалай тұрады? Олардың бас-басында баспана бар ма? Өзге елдегі қандастардың жағдайы қалай?

Нұрсұлу ҚАСЫМ


Хабарламаларға жазылу