Қостанай облысында нөсердің кесірінен дала жұмыстары тоқтап тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында нөсердің кесірінен дала жұмыстары тоқтап тұр

22.05.2020

Биыл аймақ шаруалары 5 миллион гектар алқаптың 30 пайызына ғана тұқым сеуіп үлгерді.

Мамандардың айтуынша, жауын-шашынның айлық нормасы бір жарым есе көп. Былтыр қуаңшылыққа ұшырап, шығын шеккен Қамысты ауданының шаруалары қазіргі ахуалды тек жақсылыққа жориды. Себебі ылғалдан егінге зиян жоқ. Сондықтан олар керсінше құрғақшылыққа төтеп беретін технологияны дамыту керек деп есептейді.

Билік өкілдері әдеттегідей, алаңдауға негіз жоқ екенін айтады. Қазіргі техниканың өнімділігі аса жоғары. Сондықтан ашық күндерді тиімді пайдаланып, егіс науқанын уақытында аяқтауға еш кедергі жоқ.

Биыл мемлекеттен көктемгі егіс жұмыстары үшін Қостанай облысына 21 миллиард теңге бөлінген. Арзандатылған жанар-жағармай көлемі 71 мың тонна. Яғни науқанды бастаған шаруалардың жабдығы сай. Тек ауа-райы кеселін тигізбесе болды.

Дәуренбек ӘБДІБЕК


Хабарламаларға жазылу