Мұнай-газ жобаларында отандық үлес артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай-газ жобаларында отандық үлес артады

17.03.2017

Ірі мұнай-газ жобаларындағы қазақстандық бизнестің үлесі 32 пайызға жетуі тиіс. Нәтижесінде миллиардтаған қаржы еліміздің экономикасына құйылмақ.

Бұл мәселе Атырауда өткен «ҚазМұнайГазСервис» кеңесінде талқыланды. Жиынға 200 компаниядан 350 адам қатысты.

Мәселен, келешекте өңірдегі Теңіз кенішін кеңейту жобасына 37 млрд. доллар көлемінде инвестиция тартылып, 20 мың адам жұмыспен қамтылады деген болжам бар.

Айдос ҚАРАБАЛА

Хабарламаларға жазылу