Елімізде вирус жұқтырғандар саны 7234 адамға жетті

21.05.2020

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 7234 адамға жетті. Індеттен 3835 науқас жазылып шықса, өкінішке орай 35 адам қайтыс болды. Айта өтейк, коронавирус пандемиясына орай шетелден дәрі-дәрмек жеткізу жағы қиындап отыр. Бұл жөнінде «СҚ-Фармация» ЖШС-нің басқарма төрағасы Берік Шәріп мәлімдеді. Айтуынша, әртүрлі сырқаттарды емдеуге арналған 20 шетелдік препарат елге жетпей отыр.

Ләйла ДУЛАТҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу