Түркістандық әйел коронавирусқа сенбейтіндерге видеоүндеу жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістандық әйел коронавирусқа сенбейтіндерге видеоүндеу жолдады

21.05.2020

Түркістан облысында коронавирусқа шалдыққан әйел халыққа мәлімдеме жасады. Салғырт болмай, сақ болуға шақырды. 52 жастағы әйел осы індеттің кесірінен өлім аузынан қалған. 

Дилдар Атаханова Кентау қалалық инфекциялық ауруханасына ауыр халде жеткізілген. Дәрігерлердің шұғыл медициналық көмегінің арқасында тек бесінші күні ғана беті бері қараған. Өкінішке қарай, ұлы да осы ауруды жұқтырған. Сондықтан ол «коронавирус індеті жалған екен» деген жел сөзге сенбеуге, карантин талаптарын қатаң орындауға шақырады. 

Гүлжазира Ғалиқызы

Хабарламаларға жазылу