Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы 27 мамырда өтеді

21.05.2020
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы 27 мамырда өтеді

Жиын онлайн форматта ұйымдастырылады. Бұл туралы Президент көмекшісі Ерлан Қарин мәлімдеді.

«Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша алдағы отырыстың күн тәртібі адами капиталды дамыту, атап айтқанда білім саласын дамыту мәселелеріне арналады», - деп жазады ол Telegram-да.


Хабарламаларға жазылу