Президент Қ.Тоқаев Қаржы министрін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қ.Тоқаев Қаржы министрін қабылдады

20.05.2020

Қаржы мәселесін Президент осы салаға жауапты жаңадан тағайындалған Ерұлан Жамаубаевпен талқылады. Қаржы министрі республикалық бюджеттің орындалуы мен жоспарлануы, мемлекеттік аудит жүргізу, мемлекеттік активтерді басқару, салық және кеден салаларын әкімшілендіру, қаржылық құқық бұзушылықтарды анықтау жайын баяндады. Мемлекет басшысы көлеңкелі экономикаға қарсы күрес, салық көлемін өсіру, бюджеттік рәсімдерді оңтайландыру, көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру және қарыздық шектеулерді сақтау бағытында жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырып, жаңа министрге жаңа міндеттер жүктеді.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу