Мемлекет басшысы Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті

20.05.2020

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Хасан Рухани Иранның Қазақстанмен тауар айналымын арттыруға мүдделі екенін жеткізді. «Қазақстан-Түрікменстан-Иран» темір жолының, әрі Каспий теңізі арқылы өтетін мультимодульді дәліздердің әлеуетін тиімді пайдаланудың өзектілігіне тоқталды. Иран тарапы жүк тасымалын ұлғайтуға мүдделі. Ал қазақ басшысы экономикалық байланысты жандандырудың нақты шараларын үкіметтер деңгейінде әзірлеуді ұсынды. COVID-19 індетіне қарсы күрес те сөз болды. Иран Президенті індеттің таралуын болдырмау жөніндегі Қазақстан басшылығының қабылдаған шешімдері мен халық арасында кең ауқымда жүргізілген шараларды жоғары бағалады. Сөз соңында Хасан Рухани Қасым-Жомарт Тоқаевты Тегеранға ресми сапармен келуге шақырды.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу