Президент Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісін қабылдады

20.05.2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісін қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен перспективалары талқыланды. Сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыру да сөз болды. Президент коронавирус пандемиясы кезіндегі екіжақты, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ биыл қараша айына жоспарланған өңіраралық ынтымақтастықтың XVII форумына дайындық барысын пысықтады. Мемлекет басшысы аталған шараның сапалы әрі мазмұнды болуына баса мән беру керек екенін жеткізді.  

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу