Атырауда алма шырынын шығаратын цех ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда алма шырынын шығаратын цех ашылады

20.05.2020

Атырау облысына қарасты Махамбет ауданындағы шаруалар агрөнеркәсіп саласын әртараптандыруға кірісті. Жерден нәсіп тапқан 17 қожалық алма өсіруге ден қойған. 193 гектар аумақтан жылына 500 тоннадай жеміс жиналады. 

Биыл жылына 80 тонна алма шырынын шығаратын цех іске қосылмақ. Кәсіп иелері егін егуде заманауи технологияларды пайдаланып, жылыжай кешендеріне жаңа тәсілдер енгізуде. 

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу