ЕАЭО президенттері стратегияны қабылдамады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕАЭО президенттері стратегияны қабылдамады

20.05.2020

Еуразиялық экономикалық одақтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданған жоқ. Бұл мәселені бес мемлекеттің басшылары бейнеконференция арқылы талқылады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай маңызды мәселені бетпе-бет отырып пысықтауға шақырды. Себебі интеграциялық стратегияны құнттайтын құжаттың талқылайтын тұстары өте көп. Ұсынылған жобаның дербестігімізге қайшы келетін тұстары да жоқ емес. Мәселен, денсаулық сақтау, білім және ғылым сынды салаларды Еуразиялық экономикалық комиссияның құзыретіне толық көлемде беру ұсынылған.

«Мұндай терең зерттелмеген түсініксіз жайттар әу баста келісілген экономикалық бағытты өзгертіп жіберуі мүмкін»,- деді Президент. 

Ербол Мәндібек

Хабарламаларға жазылу