Алматыда 248 миллиард теңгенің 58 жобасы іске асады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 248 миллиард теңгенің 58 жобасы іске асады

19.05.2020

Алматыда 248 млрд теңгенің 58 жобасы іске асады. Тамақ пен медицина өнеркәсібі, логистика, құрылыс және автомобиль жасау саласындағы жоғары білікті мамандар үшін 8,5 мың жұмыс орны ашылмақ. Индустриалды аймақтың жобаларымен танысқан қала әкімі Бақытжан Сағынтаев осылай деді. Карантин шараларының жеңілдетілуіне байланысты кәсіпорындар біртіндеп бұрынғы жұмыс тәртібіне көшіп жатыр.

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу