Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұсын-сонар кезек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұсын-сонар кезек

19.05.2020

Қызылордалықтар бірнеше күннен бері «электронды үкімет» қызметін ала алмай сергелдеңге түсті. Себебі аймақта карантин режиміне байланысты egov.kz порталының онлайн қызметіне халық өздері жүгінуі тиіс. Ол үшін қаладағы бірқатар мемлекеттік мекеме ғимаратынан арнайы қызмет көрсету секторлары ашылды. Бірақ компьютердің тілін білмейтін тұрғындар үшін онлайн қызмет алу әсте оңай болмай тұр. Әсіресе егде жастағы адамдар «электронды» жүйенің тетігін түсіне алмай дал. Ал өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштарында жөнін айтып, кеңес беретін маман жоқ. Сондықтан құжат рәсімдеуде ұзын-сонар кезек қалыптасып, көптің жүйкесі сыр берді.

Әділбек СЕРІКҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу