Әуежайлар жер салығынан босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әуежайлар жер салығынан босатылды

19.05.2020
Әуежайлар жер салығынан босатылды

Еліміздегі әуежайлар жер салығынан және оны пайдаланғаны үшін төлемнен босатылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.

Оның айтуынша, азаматтық авиацияны қолдау үшін осы жылдың соңына дейін ұшу жағдайын қолдау мақсатында ұшақтарға қосалқы бөлшектерді импорттауда уақытша қосылған құн салығынан босату ұсынылады. 

«Сондай-ақ әуежайлар жер салығынан және оны пайдаланғаны үшін төлемнен босатылады. Одан басқа резидент еместер авиация саласындағы техникалық қызмет көрсету және басқа да қызметтерге қосылған құн салығын төлемейді», - деді Руслан Дәленов.

Хабарламаларға жазылу