Теріскейлік ғалымдар биологиялық тоғанды табиғи жолмен тазалай алмай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теріскейлік ғалымдар биологиялық тоғанды табиғи жолмен тазалай алмай отыр

18.05.2020

Теріскейлік ғалымдар карантиннің салдарынан кәріз желісінен аққан су жиналатын биологиялық тоғанды табиғи жолмен тазалай алмай отыр. Петропавлдың дәл іргесіндегі көлден шығатын қолаңса иістен желді күндері дем алу мүмкін емес.

Ғалымдар Петропавлдың іргесіндегі биологиялық тоғанды табиғи жолмен тазалай алмай отыр. Көл соңғы 70 жылдан бері бірде-бір рет тазаланбаған.Оның түрлі тәсілі бар, бәріне де қыруар қаржы керек. Мамандардың айтуынша, ең арзаны бұрыннан қолданылып келе жатқан биологиялық жолмен тазарту.

Көлдан шыққан қолаңса иіс экологияға да кері әсерін тигізіп отыр. Әсіресе, жел көтерілгенде тыныс алу қиындайды.

Бүгінде теріскейде бұл тоған ғана емес көптеген көлдер лайланып барады. Сондықтан басқа да су қоймаларында осы әдісті енгізсе, өңір экологиясына оң әсер етері сөзсіз.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу