БҚО-да кене көбейіп, малдан маза кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да кене көбейіп, малдан маза кетті

18.05.2020

Батыс Қазақстан облысында кене қаптап, тірлігі төрт түлікпен байланысты бұқараға қиын тиюде. Кенелердің көбеюі үшін сәуір, мамыр айлары қолайлы уақыт. Жыл сайын зиянкестермен күрес шарасы жүргізілсе де, бұл мәселе өткір күйінде қалып келеді.

Әсіресе Жаңақала, Қазталов, Бөкей ордасы сияқты суы аз, қуаң өлкелерде малдан маза кеткен. Қансорғыштар өсіп-өнуіне кедергі келтіріп, тіпті өлім-жітімге әкелуде. 

Рауан Диәли

Хабарламаларға жазылу