Мұнай нарығындағы дағдарыс қашан аяқталады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай нарығындағы дағдарыс қашан аяқталады?

17.05.2020

Блумберг агенттігінің хабарлауынша, мұнай нарығы үміт ұялататын белгілер бере бастады деп мәлімдеген, ірі көлемде мұнай экспорттаушы мемлекеттердің ұйымы - ОПЕК-ң бас хатшысы Мұхаммед Баркиндо. Ұйым мұнай нарығындағы дағдарыстың жаман кезеңі аяқталған сияқты деп абайлап болжам жасайды. Баркиндо екінші жарты жылдықта перспективалар жарқынырақ көрінетінін айтқан.

Маусым айының басында ОПЕК+ мұнай өндірісін қысқартудың барлық вариантын қарастыратынын хабарлаған. Осы айдың бірінде өндірісті тәулігіне 9,7 млн баррельге азайту келісімі жүзеге асып бастаған болатын. Баркиндо Сауд Арабиясы, БАӘ, Кувейт, АҚШ сияқты бірнеше елдің өз еркімен қысқартуларын қосқанда маусымда әлемдік тасымалдау тәулігіне 17,2 млн баррельге қысқаратынын айтты. Сәуірдің 20-да мұнайдың WTI маркасы минусқа кеткені, ал 22 сәуірде Brent маркасының 1999 жылдан кейін бірінші рет баррелі 16 доллардан сатылғаны мәлім.


Хабарламаларға жазылу