Жұмыссыздар саны артса, салдары қандай болмақ? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұмыссыздар саны артса, салдары қандай болмақ?

17.05.2020

Аптада Президент Қ.Тоқаев өкіметтің әрі қарайғы қадамдары туралы мәлімдегені мәлім. Қысқа қайырғанда, өзі твиттердегі парағында жазғандай, -Дағдарыс және дағдарыстан кейінгі даму жағдайындағы негізгі басымдықтарымыз: азаматтардың денсаулығын қорғау, олардың табысын арттыру, бизнесті дамыту, білім және ғылым саласын жаңғырту. 

Оның ішінде баспанаға мұқтаждықты азайтуға бағытталған жаңа 5-10-20 жобасы, табысы көптердің табыс салығын көбірек төлеуі туралы сияқты ұсыныстар елең еткізді.

Ал 42500 теңге алғандарды назарда ұстау жайлы айтқаны... Бірінші рет берілгенде оны 4 жарым млн адам алды. 40 проценті бірыңғай жинақталған төлемді бірінші рет төлеген. Президент бұл, мемлекеттік көмек керек адамдар, оларды экономикаға барынша тарту керек, деп, оларға «бұл сенің проблемаң» деуге болмайтынын нұсқады.

Осы аптада Халықаралық валюта қоры екінші рет болжамдарымен бөліскен, пессимистік, әрине. Дағдарыс күшіне еніп келеді, егер медицина вирусты жеңбесе, көптеген экономика көбірек зардап шегеді, деген қор басшысы Кристалина Георгиева. Бұл, әрине, әсіресе дамушы елдерге қатысты әңгіме.

Ал Халықаралық еңбек ұйымының бас директоры Гай Райдер 1-мамыр халықаралық еңбекшілер күніне арнаған мақаласында былай дейді:

«...Бұл жағдайда біз таңғалуға болатын нәрсе – пандемияға дейін де лайықты жұмыс аз болатын. Бірақ ол кезде үнсіз ғана уайымдап, анда-санда дауыс шығарып жылау еді. Тек COVID-19 пандемиясы бұл үзік-үзік проблеманы жалпы әлеуметтік катаклизмге айналдырды. Ал біз оны ылғи айтып келеміз – тек бізді елемеуге тырысатын. Негізінде қабылданып жататын саяси шешімдер проблеманы шешкен емес, керісінше, тереңдетіп жіберетін.

Райдер басқаратын Халықаралық еңбек ұйымының мәліметінше, әлемдегі жұмысшылардың жартысы табысынан айырылуы мүмкін. Әсіресе бейресми немесе өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар қиналып жатыр. ХЕҰ-ның бағалауынша, олардың саны 1,6 млрд адам, әлемдік еңбек күшінің жартысына жуығын құрайды.

Президент осы аптадағы мәлімдемесінде «Қазақстан экономикасының келешектегі құрылымына жаңа көзқараспен қарауымыз керек», -деді.

Бізде кез-келген ауруды адыраспанмен емдеу туралы ащы әзіл бар. Бұған дейін экономикада сол «тәсіл» рас, қолданылып келген тәрізді...

Ақерке БЕКТАС


Хабарламаларға жазылу