Сардоба су қоймасында жүргізілетін техникалық аудитке қазақстандық мамандар да қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сардоба су қоймасында жүргізілетін техникалық аудитке қазақстандық мамандар да қатысады

15.05.2020

Өзбекстандағы «Сардоба» су қоймасында жүргізілетін техникалық аудитке халықаралық сарапшылармен қоса қазақстандық мамандар да қатысады. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Өзбекстанның су шаруашылығы министрлігімен осындай келісімге келді. Бірлескен жұмыс тобының сараптама қортындысына қарай шешім қабылданбақ. Сондай-ақ екі мемлекеттің трансшекаралық су айдындарын ортақ пайдалану және басқару туралы үкіметаралық келісімге қол қойылады. Су қатынастарына қатысты бірлескен іс-қимылдар нақтыланған жол картасы да әзірленеді.   

Вице-министрдің сөзінше, Сардобадағы апаттың алғашқы күнінен бері Түркістан облысында Қазгидромет мамандары, өңірлік экология департаменті өкілдері жұмыс істеп жатыр. Судың сапасы, құрамы тексеріліп, күнделікті сынама алынып отыр. Бүгінде қоршаған ортаға залал келтіретін зиянды заттар табылмаған. Сондықтан тұрғындардың денсаулығы мен өміріне ешқандай қауіп жоқ екенін айтады. Ахметжан Пірімқұлов аймақта әлі де экологиялық мониторинг жүргізіле беретінін жеткізді.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу