Елордаға кіріп-шығуға рұқсат етілетін адамдардың жаңа тізімі жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордаға кіріп-шығуға рұқсат етілетін адамдардың жаңа тізімі жасалды

15.05.2020

Алгоритмге сәйкес, блок бекеттер жұмысын жалғастыра береді. Тек рұқсаты барлардың тізімі кеңейді. Сонымен, жұмысқа, саяжайына бара жатқандар, медициналық көмек алатындар, көктемгі егіс науқанына қатысатындар, Ақмола облысының Целиноград, Аршалы, Шортанды және Қорғалжын аудандарының тұрғындары Нұр-Сұлтанға кіре алады. Өзге аймақта тұрақты тіркеуде тұрғандар, жерлеу рәсіміне бара жатқандар, сырқат туыстарына күтім жасауды мақсат еткендер, шетел азаматтары, кәмелетке толмаған балаларына бара жатқан азаматтар, ұшақпен қатынайтындар, Түркістан облысындағы қалпына келтіру жұмыстарына бет алғандар, азық-түлік және басқа да тауар тиеген жүк көліктері, транзитпен өтіп кететіндер бекеттен еркін өте алады.

Жалпы, карантин уақытында Блок посттардағы ережені бұзғаны үшін 172 адам қамауға алынып, 63 адамға айыппұл салынған. Бір азаматқа ескерту жасалса, 21 іс соттың қарауында жатыр. Карантин уақытында түрлі әкімшілік ереже бұзғаны үшін 1317 адамның автокөлігі айып тұрағына қойылған.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу