1 миллиард теңгенің тауарын Ресейге алып өтпек болған 14 жүк көлігі ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 миллиард теңгенің тауарын Ресейге алып өтпек болған 14 жүк көлігі ұсталды

15.05.2020

Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым» бекетінде медициналық қорғаныш заттарын шекара асырмақ болған 14 жүк көлігі ұсталды. Жүргізушілердің тауарға тиісті құжаттары болмаған. Көліктерден медициналық бетперде, қолғап, қорғаныш киімдері мен көзілдірік, антисептиктер мен термометрлер табылды. Заңсыз жүктің жалпы құны 1 миллиард теңгеге жуықтайды. Қазір контрабандалық тауардың иесі анықталуда.

Рауан ДИӘЛИ


Хабарламаларға жазылу