Алматыда нөсер жауыннан аулалар мен көшелерді су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда нөсер жауыннан аулалар мен көшелерді су басты

15.05.2020

Мамандар кеше түнде бір айлық жауын-шашын нормасының үштен бір бөлігі түсті деп отыр. Салдарынан 19 ағаш құлады, шаһарда су басқан 21 аумақ тіркелген. Нақтырақ айтсақ, 17 аула, 2 көше мен көппәтерлі тұрғын үйдің жертөлесіне су кірді. Жиі су басатын учаскелерге алдын ала адамдар мен техника жіберілген. Мыңға тарта текше метр су сорылып, құм толтырылған қаптар төселді. 

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу