Қазақстан мен Германия арасындағы сауда айналымы 1 млрд. АҚШ долларына жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Германия арасындағы сауда айналымы 1 млрд. АҚШ долларына жетті

08.10.2018

Бұл екі елдің арасындағы экономикалық және іскерлік қарым-қатынастың артқандығын көрсетеді. Сондықтан, Алматыда бас қосқан белді бизнесмендер осы көрсеткішті әлі де еселеуге мол мүмкіндіктің барын жеткізді. Мәселен, Қазақстан табиғи ресурстарға бай болса, Германияда оны өңдейтін озық технологиялардың түрі көп. Осы бағытта Қазақ-Герман кәсіпкерлері арадағы ынтымақты одан әрі жандандырып, етене жұмыс істеуге мүдделі.  

Тимур Тоқтабаев, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі:

- Мемлекет басшысының тапсырмасымен барлық саладағы инвестициялық белсенділікті арттыруға ден қойып жатырмыз. Бұл бағытта Германиямен бірлесіп атқаратын шаруамыз көп. Өздеріңіз білесіздер, бұл елдің технологиясы дамыған. Сондықтан, кәсіпкерлердің кедергісіз әрекет етуіне жағдай жасамақпыз. Екі елдің арасындағы алыс-берісті одан әрі жақсартады деген сенімдеміз.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу