М.Мырзағалиев Өзбекстанның Су шаруашылығы министрімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

М.Мырзағалиев Өзбекстанның Су шаруашылығы министрімен кездесті

14.05.2020

Өзбекстанмен шекаралас жатқан Жетісай, Сарыағаш, Келес және Мақтаарал аудандарындағы суармалы жерлер биыл судан таршылық көрмеуі тиіс. Ол үшін Өзбекстаннан келетін су мөлшері былтырғыдай аз болмауы керек. Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраевпен кездескен Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев осы мәселені төтесінен қойды. Жиынға аудан әкімдері де қатысып, нақты проблемаларды ортаға салды. Екі жақ апаттан кейінгі суармалы жерлерді бірігіп қалпына келтірмек. Бұл бағытта атқарылатын жұмыстарға Өзбек тарапы қолдан келгенше атсалыспақ.

Ғани ҚАЛМАХАН


Хабарламаларға жазылу