«Birgemiz» қоры тасқыннан қираған 20 үйді қайта салып береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Birgemiz» қоры тасқыннан қираған 20 үйді қайта салып береді

14.05.2020

«Nur Otan» партиясының «Birgemiz» қоры Түркістан облысының Мырзакент елді мекенінде топан салдарынан қираған 20 үйді қайта салып береді. Бұл мақсатта 340 миллион теңге бөлінеді. Саман үйлердің орнына газоблоктан аумағы 100 шаршы метрді құрайтын 4 бөлмелі үйлер бой көтереді. Осылайша, ауыл тұрғындарының баспана мәселесі толық шешілетін болды. Партия төрағасының бірінші орынбасары Сардоба су қоймасынан зардап шеккен Мақтаарал ауданына арнайы барып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Бауыржан Байбек Атакент ауылындағы волонтерлармен жүздесіп, қиын кезеңде елмен бірге болып, еңбек етіп жүрген жастарға алғысын жеткізді.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу