Түркістан облысындағы сел: 522 үйді су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысындағы сел: 522 үйді су басты

14.05.2020

Толассыз жауған жаңбыр салдарынан Сұлтан-Рабат ауылы мен Леңгір қаласының 150 тұрғыны қауіпсіз аумаққа көшірілді. Оның жартысы туыстарының үйін паналаса, қалғандары Көксәйек ауылындағы колледж ғимаратына жайғастырылды. Əзірге апаттан 8 малдың өлгені анықталып отыр. 

Нөсер жауынның салдарынан өңірдегі Қазығұрт пен Бәйдібек ауданындағы бірқатар елді мекендердің тұрғындары да эвакуацияланды.

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу